67 гимназиясында 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған "Қазақ қызы" клубының " Өнерлі қыз, өнегелі Ана" атты қызы мен анасының қатысуымен сайыс өткізілді. Сайысқа 8,9,10- сыныптардың қыз балалары қатысып, жұптық таныстырулар, жұбымен музыкалық, шығармашылық өнерін, үй тапсырмасынан ұлттық салт- дәстүр түрлерінен бейнероликтері көрсетілді. Әр қыз баланың анасымен бірлескен ән, би, қол өнері және таныстырылымдарында отбасылық тәрбиенің құндылықтары көрініс тапты. Ерекше әсемдіктері мен әдебі, ұлттық нақыштағы сахналық шеберліктері көрермендердің көңілдерінен шықты. Сайыс қорытындысымен таныстырған гимназия директоры Гүлжанат Асанқызы инабатты қыз, аяулы аналар, ардақты ұстаздарға арнап ыстық лебізін білдіріп, жүлделі орындарымен марапаттады. Іс- шараның әсерлі өтуіне, ұйымдастырылуына ат салысқан Айкулова Айгүл, Мылтықбаева Бақыткүл, Кәріпова Айдана ұстаздарға ата- аналар мен оқушылар ризашылықтарын білдірді.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены