Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылуының 31 жылдығына арналған еске алу күні
14.02.2020 жылы №80 мектеп-гимназия ұжымының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылуының 31 жылдығына арналған еске алу күнін салтанатты ант қабылдау рәсіміне арналған «Ауғанның асуынды от кешкендер!» атты іс-шара әскери-патриоттық мұражайда өтті. Салтанатты жиынды № 80 мектеп-гимназия директоры Г.С. Жарменова Ауған соғысы ардагерлеріне құттықтау сөзін арнап, "Жас сарбаз" ұйымының мүшелеріне ақ жол тіледі. Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысының болу себептерін түсіндіру; Отан үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға, үлгі ете білуге тәрбиелеу.
Салтанатты іс-шараға запастағы Жамбыл облысы Ардагерлер Кеңесінің республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майоры Қазиев Абдыхапар Раимжанұлы, саяси ғылымдар докторы, профессор, запастағы полковник Федосеев Сергей Геннадиевич және Запастағы полковник Масалимов Евгений Кумарович қонақта болып, "Жас сарбаз" ұйымының мүшелеріне куәлік табыстады.
«Жас сарбаз» ұйымына қабылдау салтанаты мектеп тарихында, ант қабылдаушылардың есінде мәңгі қалары анық. Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау-баршамыздың абыройлы боршымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын деп тілейміз!

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены