Меню KDT
"Мен OFFLINE" (оффлайн) акциясы

"Мен OFFLINE" (оффлайн) акциясы өтті. Акцияның мақсаты - интернетке тәуелділіктің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылау, ересектердің жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру. Қазіргі техника қарыштап дамыған заманда адамның бір күндік өмірінің басым бөлігін интернетке тәуелділік алып жатқаны бәрімізге аян. Мектеп жасындағы оқушының өзі қолы қалт етсе, ұялы телефонға жармасып жататынын көріп жүрміз. Мінекей, 55 орта мектебінің оқушыларына арналған лездеме жиында интернеттің зияны туралы кеңінен айтылды. Әсіресе ҰБТ-ге дайындалушы 11 сынып оқушыларына уақытын босқа өткізбеуге, жалпы адамның қу темірден гөрі рухани азығы мол кітаппен дос болуға шақырды. Осы орайда 1-4 сыныптар аралығында «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» сынып сағаты және «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты сурет байқауына оқушылар белсенділікпен қатысты. 5-7 сынып оқушылары арасында «МЕН OFFLINE» (Мен оффлайн) эссе байқауы өтті. Оқушылардың күнделікті өмірін телефонға шұқшиып емес, сабағын оқып, жақсы іспен айналысуына мұндай шараның тигізер пайдасы мол деп есептеймін


"Мен OFFLINE" (оффлайн) акциясы өтті. Акцияның мақсаты - интернетке тәуелділіктің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылау, ересектердің жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру. Қазіргі техника қарыштап дамыған заманда адамның бір күндік өмірінің басым бөлігін интернетке тәуелділік алып жатқаны бәрімізге аян. Мектеп жасындағы оқушының өзі қолы қалт етсе, ұялы телефонға жармасып жататынын көріп жүрміз. Мінекей, 55 орта мектебінің оқушыларына арналған лездеме жиында интернеттің зияны туралы кеңінен айтылды. Әсіресе ҰБТ-ге дайындалушы 11 сынып оқушыларына уақытын босқа өткізбеуге, жалпы адамның қу темірден гөрі рухани азығы мол кітаппен дос болуға шақырды. Осы орайда 1-4 сыныптар аралығында «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» сынып сағаты және «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты сурет байқауына оқушылар белсенділікпен қатысты. 5-7 сынып оқушылары арасында «МЕН OFFLINE» (Мен оффлайн) эссе байқауы өтті. Оқушылардың күнделікті өмірін телефонға шұқшиып емес, сабағын оқып, жақсы іспен айналысуына мұндай шараның тигізер пайдасы мол деп есептейміз
 


Комментариев нет
344 просмотров
Автор: 55mektep
Добавлено: 03.03.2020 в 11:42

Возможно вас заинтересует...!