2020 жылдың 25 ақпан айында 5-7 сыныптардың арасында Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Ұлт тілін ұлықтаймыз» атты мәнерлеп оқу сайысы қазақ тілі пән мұғалімдері Жаңабек Дана Әкімжанқызы мен Есетова Орынша Файзоллақызы ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту.

Кеш тамаша патриоттық сарындағы «Жаса, қазақ тілім» деген әнмен басталды. Оқушылар ақынның «Отырар» поэмасын, «Жігерлендіру», «Шың басындағы оқиға», «12-3=?», «Махамбеттің соңғы сөзі», «Арман» өлеңдерін жатқа оқыды.
Іс-шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары да қатысып өз өнерлерін паш етті. Мектебіміздің кішкентай жұлдызына айналған 7 «А» сынып оқушысы Жұмагазинова Жанерке «Жарқын Болашақ» қазақ тілі олимпиадасында Мұхтар Шахановтың «Бақыт геометриясы» өлеңін оқып, сөз шебері номинациясы бойынша жүлделі I орынды алған. Жанерке қызымыз мәнерлеп оқу сайысын ашып берді. Қазақтың қара домбырасын кие тұтқан қыздарымыз 7 «А» сынып оқушылары Кабитова Ұлжан мен Қадыр Ақниет «Ерке сылқым» күйін өте жоғары дәрежеде орындап берді. Жас пианистіміз Советқали Демежан да керемет өнерімен көрермендерді тәнті етті.Ашкен Балауса қызымыз «Қазақ биімен» мың бұралса, Алматқызы Мерей «Өзбек биімен» көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ 7 «А» сынып оқушыларының хоры, Мерзімқызы Айдананың «Өсиет» әні тыңдармандардың көңілінен орын таба білді. Кешті 10 «А» сынып оқушысы Қадыр Ерасыл жүргізді.
«Ұлт тілін ұлықтаймыз» М.Шахановтың шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу сайысының нәтижесі төмендегідей болды.
I Әмзехан Анель 5 «Ә» сынып
II Советқали Демежан 6 «В» сынып
II Жаһанша Назым 6 «Б» сынып
III Қадыр Ақниет 7 «А» сынып
III Тыныштықбай Айша 6 «А» сынып
III Әмзехан Сәтжан 6 «Б» сынып
Грамота Нұрсұлтан Әбілмансұр 6 «А» сынып
Грамота Жарқын Ақерке 7 «А» сынып
Грамота Байкемелқызы Әмина 5 «А» сынып
Грамота Пернебек Нұргелді 5 «А» сынып
Грамота Қарсыбек Сұлутөр 6 «Г» сынып
Грамота Төлеген Жанель 5 «Б» сынып

Қадыр Ақниет, Кабитова Ұлжан Жұмагазинова Жанерке
7 «А» сынып оқушылары Қадыр Ақниет

Мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены