«Ұрпақ тәрбиелі болса, сол ұлттың болашығы да жарқын болмақ» - демекші, «Баланы жастан» деп халқымыз бала тәрбиесін әріден бастау керектігін де айтып кеткен.
«Ұрпақ тәрбиелі болса, сол ұлттың болашығы да жарқын болмақ» - демекші, «Баланы жастан» деп халқымыз бала тәрбиесін әріден бастау керектігін де айтып кеткен. Адамгершілік үстемдік құрған қоғамның азаматын тәрбиелейтін мектеп ол – әрине Отбасы. «Отан – отбасынан басталады» деп те айтамыз. Отбасы ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп десекте болғандай. Бүгін,яғни 28 ақпан күні "Ата-ана. Ұстаз. Оқушы. Болашаққа бағытталған ынтымақтастық " атты облыстық ата-аналар форумы өтті. Форум барысында 5 секция жұмыс атқарды олар: "Бозбала" жігіттер клубы, "Назерке"қыздар клубы, Арт-терапия секциясы, Абайтану, Мелия сауаттылық секциясы. Әр секция спикерлері ата-аналармен жұмыс атқарды.
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, кісінің алажібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді .
Бүгінгі ұрпақ ол – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру .Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ.





Автор: b1437skobilim
Добавлено: 29.02.2020 в 09:38