Меню KDT
«АБАЙ-ТЕҢІЗ, БІЗ ТАМШЫ»

Мектебімізде ақпан айының 17-21 күндері аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді.Мақсаты: оқушыларға Абай өлеңдерін және қарасөздерін терең меңгерту, Абай өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Абай даналығы, Абай өсиеттерінен нәр алып,  оның өмір тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

      Іс-шара барысында 1 сыныптарарасында «Абай - табиғат жыршысы» атты қабырға газеттерінің байқауы өтті.  1 сынып оқушылары Абай атамыздың төрт мезгілге байланысты өлеңдерін негізге ала отырып сурет салды.

2 сыныптар арасында «Ұлы Абай бейнесі» атты портреттер көрмесі жасалды. 3 сыныптарда «Абай салған сырлы әндер» атты ән-байқауы өткізілсе, 4 сыныптар бойынша «Абай өмірі» атты сахналық көрініс қойылды. Іс-шара соңында оқушылар әр номинация бойынша марапатталды.


Мектебімізде ақпан айының 17-21 күндері аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді. 
Мақсаты: оқушыларға Абай өлеңдерін және қарасөздерін терең меңгерту, Абай өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Абай даналығы, Абай өсиеттерінен нәр алып,  оның өмір тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

      Іс-шара барысында 1 сыныптарарасында «Абай - табиғат жыршысы» атты қабырға газеттерінің байқауы өтті.  1 сынып оқушылары Абай атамыздың төрт мезгілге байланысты өлеңдерін негізге ала отырып сурет салды.

2 сыныптар арасында «Ұлы Абай бейнесі» атты портреттер көрмесі жасалды. 3 сыныптарда «Абай салған сырлы әндер» атты ән-байқауы өткізілсе, 4 сыныптар бойынша «Абай өмірі» атты сахналық көрініс қойылды. Іс-шара соңында оқушылар әр номинация бойынша марапатталды.






Комментариев нет
264 просмотров
Автор: 69mektep
Добавлено: 02.03.2020 в 09:34

Возможно вас заинтересует...!