«Дарынды оқушыға-талантты ұстаз»
29 ақпанда №63 мектеп- гимназияда «Дарынды оқушыға-талантты ұстаз» атты 10-сынып оқушылары арасында сайыс өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты шығармашылық қабілеті жоғары талантты жастардың қалыптасуына жағдай жасау, педагог қызметінің кәсіптік тәжірибесін байытуға бағыт-бағдар беру.
Сайыс үш тапсырмадан тұрды:
- Таныстыру
- Мектеп өміріне байланысты қойылымды сомдау, сонымен қатар мектеп туралы ән айту.
- Капитандар сайысы. Әр капитан қойылған сұрақтарға тартымды және тақырыпқа байланысты жауап беру керек.
Оқушылар берілген тапсырмаларды өте жақсы орындап, белсенді қатысты.
Жүзден жүйрігі, мыңнан тұлпары атанып І орынды 10 «Б» сыныбы, ІІ орынды 10 «В» сыныбы, ІІІ орынды 10 «Ә» сыныбы иеленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!