1 наурыз – Алғыс айту күні





Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.
Мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақты бір-бірін сыйлап, құрметтеуге үйрету,сонымен қатар Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
№27 мектеп-лицейде «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты Алғыс айту күніне арналған көптеген іс-шаралар өтті: «Алғыс айтамын» тілек бұрышы, «Қазақ халқына мың алғыс» стенді, флешмоб, «Бір Отан – бір отбасы» бірыңғай сынып сағаты, «Жеңіс үшін рахмет!» атты ҰОС ардагерлеріне арналған және «Мейірімді жүрек – жылы тілек» атты алғыс бейнежазба түсіру, Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесімен кездесу, «Мен алғыс айтамын», «Әлемге алғыс», «Қазақ халқына алғысым шексіз» фотокөрмесі және Қарттар үйіне арналған әдеби кітаптар жинау.
«Шаңырақ» би студиясы Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесін салтанатты түрде құттықтады, ал «Ветеран» хоры оқушыларымызға арнап соғыс, бейбітшілік пен достық жайлы әндерін орындап берді. Мектебіміздің «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы аталарымыз бен әжелерімізді жарқын болашақ сыйлағаны үшін барлық мектеп оқушылары атынан алғысын білдірді.Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены