← Назад к новостям
«Жұлдыздардың жарқырауы» байқауы

«Жұлдыздардың жарқырауы» байқауы

3mektep
29.02.2020 в 12:54
376 просм.
Нет комментариев

26 ақпан күні  №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында  1-4 сынып оқушылары үшін дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының  «Вокал» жанры, «Ерекше» жанрдың музыкалық аспап орындаушылары арасында  финалы өтті.

 

 


26 ақпан күні  №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында  1-4 сынып оқушылары үшін дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының  «Вокал» жанры, «Ерекше» жанрдың музыкалық аспап орындаушылары арасында  финалы өтті. Вокал жанры бойынша бас жүлдеге 1 «З» сынып оқушысы Тузелова Жасмина ие болды. 1 орын 3 «А» сынып оқушысы Кимранова Жансаяға бұйырды. 2 орынды Токтархан Амина, Сисинбаева Малика, Азимбаева Аминалар өзара бөлісті. 3 орынға 1 «А» сынып оқушысы Нұрсайлау Айару мен 2 «В» сынып оқушысы Каирден Даниса ие болды.

Аспаптық орындаушылар арасынан 3 бірдей қатысушыны қазылар алқасы бас жүлдеге лайық деп тапты. Олар: ерекше аспап барабанда ойнаған 4 «Г» сынып оқушысы Ергали Тимур, домбырамен құлақ құрышын қандырған Бекен Асылжан және фортепианода онауда алдына қара салмаған Бейсембай Еркежан. 1 орынды Хайруллаева Аниса, Капсалямов Султан иеленді. 2  орынға Аманжолов Асанали мен Давлетов Абылай табан тіреді. 3 орынды Бақтияр Таукен, Еришев Маулен, Киким Эмир, Қожахметова Асем, Мухан Кариналар өзара бөлісті.

Байқауға белсене қатысып, жауапкершілік танытқан барлық қатысушылар мен ата аналарға,ұстаздарға алғыс білдіреміз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!









Автор: 3mektep · 29.02.2020
376
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT