Алғыс айту күні аталып өтті
Биыл елімізде достығымызды, татулығымызды және бірлігімізді нығайта түсетін, жүректерге жылулық, мейірбандылық сылайтын “Алғыс айту” күні гимназия шаңырағында бесінші мәрте аталып өтілді.
Алғыс айту күні аталып өтті
Биыл елімізде достығымызды, татулығымызды және бірлігімізді нығайта түсетін, жүректерге жылулық, мейірбандылық сылайтын “Алғыс айту” күні гимназия шаңырағында бесінші мәрте аталып өтілді. Тұңғыш Елбасының Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту мерекесі болып жарияланған болатын. Осынау мерекеге орай жеке жоспар құрылып, көптеген іс-шаралар жүргізілді. Мәселен, «Алғыс айту» қабырғасы ұйымдастырылды, атаулы мерекеге орай «Гимназия тынысы» газеті шығарылды,1-11 сынып оқушылары үшін «Алғыс айту – парызым!» атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Осы іс-шаралар жалғасы «Ризашылық пен алғыс» атты салтанатты жиынымен ұласты. Алғыс айтуды алғашқы боп бастаған гимназия директоры К.А.Муканова гимназия ұжымын атаулы күнмен құттықтап, гимназиямыздың өркендеп өсуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан ұстаздарға, оқушыларға алғыс білдірді. Жылы лебіз, жақсы тілектерден кейін мерекелік жиын гимназиямыздың өнерлі оқушылары мен ұстаздары дайындаған концертке ұласты.









Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены