28.02.2020ж гимназияда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қазақ тілі мұғалімдері Ә.А.Үмбетова, М.Ә.Шериязданованың ұйымдастыруымен “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші өткізілді
Іс-шараның мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Әдеби-сазды кешке бастауыш сынып оқушылары толығымен ат салысты. Әр сынып оқушылары өте белсенді, жауапкершілікпен дайындалды. Әр сынып Абай Құнанбайұлының мұрасын көрермендерге жеткізуге тырысты. Әдеби-сазды кеш үш тілде ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар Ұлы ақынның шығырмаларын сахна төрінде аса шеберлікпен көрсете білді. Бастауыш сынып оқушылары ақынның жыл мезгілдеріне жазылған өлеңдерін мәнерлеп оқыды, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты көрмесін ұйымдастырды, ақынның әндері мен қара сөздерін сахналық қойылым ретінде көрсете білді.
Жүргізушілер көрермендерін назарын аудару мақсатында Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойды. Жауаптарды тыңдай отырып оқушылар өз білімдерін толықтырды.
Аталған іс-шара өз мақсатына жетті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены