Меню KDT
"Ромео мен Джульетта"


Нұрсұлтан қаласының 84 мектеп-лицейінде 17.02.20-27.02.20 ақпан аралығында ағылшын тілі пәнінен апталық өтті. 
Апталықтың мақсаты оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамытумен қатаря, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау.
Тиімді өткен апталықтың жабылуы мектебіміздің мәжіліс залында "Ромео мен Джульетта" драмасының үзінді койылымымен аяқталды. Көркем туындыны сахналау ағылшын пәні мұғалімдері Сейтханова Жадыра Айтқазықызы және Шаймарданова Назым Болатқызының ұйымдастыруымен өтті. Апталықтың жабылу салтанатында мектебіміздің 10"А" сынып оқушылары ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын айқын дәлелдеп, шараға белсенді қатысты. Осылайша шәкірттер қойылымды жоғары деңгейде сахналап, оқушылардың тілге деген қызығушылығын одан әрі арттырды. Қойылымның үздік деңгейінде өтуіне үлес қосып, басты кейіпкерлердің рөлін ойнағандар:
Ромео - Кенесбек Алдияр
Джульетта - Ермахан Ақерке
Мисстер Капуллет- Төкенов Амир
Леди Капуллет - Абилдабек Аружан
Джульеттаның кутушісі - Акмамбаева Адия
Парис - Нарботин Еркебұлан. Жемісті апталықтан соң оқушылар осы сынды шаралардың көптеп ұйымдастырылуын ұсынып, жылы пікірлерін білдірді.
 




Комментариев нет
237 просмотров
Автор: 84mektep
Добавлено: 28.02.2020 в 16:48

Возможно вас заинтересует...!