Меню KDT
«Парасатты қоғам қалыптастырудағы қағида мен жетістік формуласы»

«ADAL BILIM» кеңселік жобасының негізінде мотивациялық кездесу болып өтті.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Заңының 20-бабының 9) тармағына сәйкес Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасының негізінде орта білім беру мекемелерінің «Adal urpaq» клубы, «Жас ұлан» республикалық бірыңғай жасөспірімдер ұйымы, «Jas sarbaz» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен 9-11 сынып оқушылары, мектеп президенттерінің қатысуымен а.ж. 20 ақпан күні сағат 14:00 де М.С.Нәрікбаев атындағы «KAZGUU Universitet»-де, «ADAL BILIM» кеңселік жобасының негізінде «Парасатты қоғам қалыптастырудағы қағида мен жетістік формуласы» атты тақырыпта мотивациялық кездесу болып өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты: Білімді, парасатты тұлға қалыптастыра, адал, әрі белсенді, әлеуметтік ортаға бейімделіш, өз ісінің маманы, Отанның патриотын қалыптастыу, жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарылату болып табылды.
Кездесу барысында Халықаралық интелекті дамыту, мотивациялық дәріс орталығының директоры, профессор Джо Гю Юн, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің бірінші орынбасары Бектенов Олжас Абаевич және танымал теле жүргізуші, актриса Мукей Айгул Адиятоллаевна сияқты құрметті қонақтар дәріс уақыттарын өткізді.

Атаулы іс-шараға №10 мектеп-гимназиясынан «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Қарабалаұлы Қайрат, клуб мүшелері Жанат Камила, Сабирова Томирис, Шахмарданова Асель сынды оқушылар қатысты. Кездесу барысында оқушылар адамгершілік, адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жайында тәрбиелі, мағыналы пікірлермен танысып, бір серпіліп қайтты.


Комментариев нет
257 просмотров
Автор: 10mektep
Добавлено: 25.02.2020 в 12:00

Возможно вас заинтересует...!