← Назад к новостям
"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы

"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы

8mektep
31.01.2020 в 15:50
208 просм.
Нет комментариев

#8 орта мектебінде "Қазақстан - мейірімділік мекені" атты республикалық балалар бастамасын өткізу мақсатында "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы қолға алынып отыр.


#8 орта мектебінде "Қазақстан - мейірімділік мекені" атты республикалық балалар бастамасын өткізу мақсатында "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы қолға алынып отыр. Бұл акцияда оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар қауымының қолдауымен айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады.
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді.
***
Ендеше, мектебіміздің 1 қабатында орналасқан қамқорлық жәшігіне көмектеріңізді өз ризашылықтарыңызбен салсаңыздар көптен көп алғысымызды білдіреміз.
Құрметпен, Адал ұрпақ клубы мүшелері мен мектеп әлеуметтік педагогі

Автор: 8mektep · 31.01.2020
208
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT