Меню KDT
«Өлең- сөздің патшасы ,сөз сарасы» Абай оқулары


                            «Абай – дана, Абай – дара қазақта,
                              Өлмейтұғын сөз қалдырған артына» 
тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында өтетін мектепішілік «Абай оқулары» байқауының есебі. 
Қазақтың  бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығына арналған мектепішілік кеште  бастауыш сынып оқушыдары   өз өнерлерін ортаға салып, үлестерін қосты. Соның ішінде 1-2-ші сынып оқушылары «Өлең- сөздің патшасы ,сөз сарасы» бөлімі бойынша Абай атамыздың ғибыратты  өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл бөлім бойынша ерекше көзге түсіп оза шыққан балалар бірінші және екінші  үшінші дәрежелі дипломдармен  мадақтамалармен  марапатталды.
Олар:1Жабықбай Әйгерім 1-орын
          2.Сетқазы Мирас 2-орын
          3.Мұрат Әсем 3-орын. 
Бұл бөлімнен кейін   өнерге керемет ерекше баға берген Абай атамыздың әндерін орындап жүрген талантты баоа 2 «А» сыныбының оқушысы Асхатұлы Мхаммедсафа тамаша әннен шашу шашты.2-ші сынып оқушыларынан   ерекше көзге түсіп, дауыс ырғағымен, сөз саптау мәнерімен 1-орынды 2 «ә» сыныбының оқушысы Асқарқызы Мәншүк, 2-орынды  2 «б « сыныбының оқушысы Абдикаримов Қажымұқан, 3-орынды  2 «а» сыныбының оқушысы Асхатұлы Мұхаммедсафа  иеленді. Байқаудың екінші бөлімі бойынша  3-сыныптар арасында Абай атамыздың өмірі мен тағылымды сөздерін қатыстыра отырып, эссе жазды . Бұл бөлімде ерекше деп танылған Оразғали Аяжан 1-дәрежелі, Раметуллв Айасыл2-ші дәрежелі, Шатұрсын Жанель 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Дүние ойдан шығады
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып –деп Абай атамыздың  «Көзімнің қарасы» әнімен  4-сынып оқушысы Бейсенбай Нұрымай  көрермендердің көңілін серпілтті.
Абайдан оқығаның табылады
Абайды оқымаған қағылады
Абайды оқы, ерінбе, еркелеме
Абайдан іздегенің табылады деп  Абай атамыздың  қарасөздерін жатқа әрі мағынасын аша айту 4-сынып оқушыларына берілген болатын. Бұнда ерекше кзге түскендер: 4 «ә» сыныбының оқушысы Ханжаббар Айшын  1-дәрежелі диплом ,Қарекин Дина 2-дәрежелі, Жұматай Томерис 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Бақ пен бап шабатын өнерлілердің сайысында  барлық қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.Бүгінгі кешті қорытындылау барысында кеш соңын  3 «а» сыныбының оқушылары «Желсіз  түнде жарық ай» әнімен  аяқтады.

 




 

 

 

 

 


Комментариев нет
182 просмотров
Автор: 2mektep
Добавлено: 20.02.2020 в 12:39

Возможно вас заинтересует...!