Меню KDT
"Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби "


 Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп- гимназиясында ақпанның 14 күні «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға арналған » бастауыш сыныптарда тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:  Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру және  ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу.
Абу Насыр Аль-Фараби атамыздың құрметіне арналған кештің бастамасы. Ұлы ойшылдың құрметіне арналған тәрбие сағаты ғалымның өмірінен ғибрат алар өмірінен қысқаша баяндама оқумен басталды. Ұлы ғалым 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келіп, бүгін міне, 1150 жыл толып отыр. Әлемге әйгілі ойшыл философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыканы зерттеген. Тәрбие сағатында оқушылар Әл-Фарабидің нақыл сөздерін жаттап, мәнерлеп айтып, ұлы ойшылдан сабақ алатын түрлі әңгімелерден көрініс қойды. Оқушылар өз өнерлерін де ортаға салды. Домбыра тартып, әндер де айтылды. Әл-Фараби туралы тағы да мәліметтер білу мақсатында қонаққа мектебіміздің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Альмира Умирзаковнаны шақырдық. Ол кісі ойшылдың ерекше қасиет иесі болғандығын және шығармашалығы жөнінде балалар біле бермейтін сырларын, өзінің жасаған слайдында ашып көрсетті. Қорыта келгенде біз кешімізді М.Шахановтың:

«Мәңгі таулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға,»-деген өлеңімен аяқтап, балаларға алдарына үлкен арман қойып, өздерінің армандары туралы шығарма жазып келу ұсынылды. Тәрбие сағатындағы мәліметтер балаларға қызықты болды



    










Комментариев нет
125 просмотров
Автор: 2mektep
Добавлено: 15.02.2020 в 11:06

Возможно вас заинтересует...!