Меню KDT
Қорқыт этноансамблі өнерлерін көрсетті


21.02.2020ж Нұр - Сұлтан қаласы Білім басқармасы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп - гимназиясында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған елімізде тұңғыш рет 75 шығармасымен Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енуді жоспарлап отырған халықаралық байқаулардың лауреаты, Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы "Қорқыт" этноансамблі өз өнерлерімен ұстаздар қауымы мен оқушыларды тәнті етті.
Ұлттық аспапты шебер орындау арқылы Сарыарқаның самал желінің ескенін, тұлпардың тұяғының дүрсілі мен шабысын, көкте қалықтаған қыран бүркіт пен қиқулаған қаз дауысын, Қаратаудың басынан көшкен елді суреттей отырып, сиясы кебе қоймаған жаңа шығармаларымен Ұлы даланы тербеткендей болды.
Сонымен қатар жетекшісі Шолпан Ділдәбекқызы мен Ғали Ормановтың жиен немересі Айдар Қырықбайға, "Қорқыт" этноансамблі мүшелеріне алғысымыз шексіз.
Оқушыларымыздың көкірегін кеңейтіп, бойларын рухани қазынамен сусындатып, этнопедагогикалық тәлім - тәрбие сіңіре білді.




Комментариев нет
367 просмотров
Автор: 7mektep
Добавлено: 21.02.2020 в 17:45

Возможно вас заинтересует...!