← Назад к новостям
"Толағай" эстафеталық жарысы

"Толағай" эстафеталық жарысы

b0619skobilim
20.02.2020 в 11:50
714 просм.
Нет комментариев

Мектебімізде өзін өзі тану пәні онкүндігінің аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асыл Мұхтарқызы Касенованың ұйымдастыруымен мұғалімдер мен оқушылар арасында төрт командадан құралған өте тартысты "Толағай" эстафеталық жарысы өтті. Аталмыш жарыстың мақсаты:мектеп өмірінде салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылық пен жеңіске талпынуға ынталандыру.
Сайысқа мектебіміздің директоры және әкімшілік пен қатардағы мұғалімдер , сонымен қатар жоғары буыннан орта буынға дейінгі оқушылар ерекше ықыласпен қатысты. Ұйымдастырылған эстафеталық жарысқа мектебіміздің демеушісі Қуат Қайратұлы Айтжанов, мектебіміздің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Самат Айдарбекұлы Аткельтиров және қосымша білім беру орталығының оқу ісінің меңгерушісі Бибігүл Серікқызы Раймбекова қызу сайыстың куәсі болып, әділ бағаларын берді. Сайыстың нәтижесінде Қыран тобы -1орын , Болашақ тобы 2 орын , Жас ұлан тобы 3 орын иеленсе, Банда тобы 4 ші орынды қанжығаларына байлап, сыйлықтармен түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бүгінгі күннің жеңісі болашақтың жемісі деп білеміз! Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шексіз алғысымызды білдіре отырып, сәттілік тілейміз!

Автор: b0619skobilim · 20.02.2020
714
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT