АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР
14 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында аталмыш тақырыпта ардагерлермен кездесу болып өтті. Кездесуге Ауған соғысына қатысып, сол оқиғалардың тікелей куәсі болған ардагерлер: Амангелді Ташмуканов, Сәкен Нурушев, Жұмабай Бисенғалиев, Жанайдар Жанабаев сияқты ардагерлеріміз келіп, 150-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Ардагерлермен болған сұхбатта отансүйгіштік, ел үмітін ақтау, ер-азамат намысы, алғашқы әскери дайындық сабағының маңызы мен патриоттық тұлғаның шынайы образы туралы, бейбіт өмірдің қадірі туралы мағыналы әңгіме қозғалды. Оқушылар көкейлеріндегі көптеген сұрақтарға жауап алды, ойланды. Мектебіміздегі бейбіт өмірдің «Жас сарбаздары» өнер көрсетіп, ардагерлер мен сарбаздар сап түзеді, естелікке фотосуреттер қалды. Ал, біз шынайы ниетімізбен ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ та берекеге толы ғұмыр тіледік.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены