Меню KDT
Бүгін мектебімізде Ұлы Отан соғысында жеңіс күнінің 75-жылдығына

жəне Ауғанстаннан Кеңес əскерінің шығарылған күнінің 31-жылдығына орай салтанатты іс шара өткізілді.


Бүгін мектебімізде Ұлы Отан соғысында жеңіс күнінің 75-жылдығына жəне Ауғанстаннан Кеңес əскерінің шығарылған күнінің 31-жылдығына орай салтанатты іс шара өткізілді.


«Ерлік-жан дүниенінің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүзбелі үлесін оқпен от астында өткізіп, тағдардың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдаргерлер ағаларымен кездесу - біз үшін бір ғанибет.



Өскелең ұрпақты əскери-патриоттық рухты тəрбиелеп жүрген жəне жастардың қоғамдық мекемелерінің қызметін үйлестірушілікке үлкен үлес қосқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қорғаныс Министрлігі 83205 əскери бөлімінің командирі полковник Алашбеков Еркін Алашбекович  «Байқоңыр» аудан əкімінің орынбасары Жаулыбаев Ерлан Алимбаевичтi, N 10 мектеп гимназиясының директоры Ташенова Марзия Акимовнаны, Қалалық Білім басқармасының маманы Меденеева Ардак Алтаевнаны, Қалалық Білім басқармасының Əскери париоттық жұмыс жөніндегі басшысы Тлегенов Қайрат Нурахметовичті Мəлік Ғабдуллин атындағы төсбелгілерімен марапаттады.


Өскелең ұрпақты əскери-патриоттық рухты тəрбиелеп жүрген жəне жастардың қоғамдық мекемелерінің қызметін үйлестірушілікке үлкен үлес қосқаны үшін Қорғаныс істер жөніндегі Департамент басшысының орынбасары капитан Жусупов Ерболат Мубаракович жəне ауған соғысының ардагерлері аға лейтенант Найманов Бахтияр Мырзакулович, капитан Терсебаев Бахытбек Саякович, майор Танекенов Ануарбек Тандыбаевич мектеп қызметкерлерін Аширбекова Қымбат Серікқызы, Манарбекова Айжайық Гауезовнаны, Джусупова Гулнар Габиденовнаны, Кожамсейтова Нургайша Шабдановнаны, Қалымжанов Дүйсен Қайратовичті Рахымжан Қошқарбаев атындағы төсбелгілерімен марапаттады.

Салтанатты кешті Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің 83205 Əскери бөлімінің талантты қызметкерлері мерекелік концертпен жалғастырды.

Іс шараның ұйымдастыруына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің 83205 Əскери бөліміне үлкен алғысымызды білдіреміз.




Комментариев нет
278 просмотров
Автор: 10mektep
Добавлено: 14.02.2020 в 18:38

Возможно вас заинтересует...!