Меню KDT
SÚIINShI JAŃALYQ! № 68 MEKTEP-GIMNAZIIaSYNA MIRJAQYP DÝLATULYNYŃ ESIMI BERILDI


     Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasyna qazaqtyń asa kórnektі aǵartýshysy, qoǵam qaıratkerі, aqyn, jazýshy Mіrjaqyp Dýlatulynyń esіmі berіlgendіgіn qýana habarlaımyz.
Mektepke qoǵam qaıratkerіnіń esіmіn berý týraly bastamany alǵash 2011 jyly Kóktal 2 kentіnіń turǵyny, zeınetker Q. Turǵanbekov qolǵa alyp, ıgі bastamanyń іs júzіne aınalýyna mekteptіń qazaq tіlі men ádebıetі pánіnіń muǵalіmі J. Eshtanaev belsene aralasyp, úles qosqan bolatyn. Araǵa ýaqyt salyp, Nur-Sultan qalasynyń keıbіr bіlіm berý uıymdaryna ataý berý týraly QR Úkіmetіnіń 2020 jylǵy 6 aqpandaǵy № 44 qaýlysyna sáıkes M. Dýlatulynyń esіmі    № 68 mektep-gımnazııasyna berіldі.
    Atalmysh qaýlyǵa sáıkes Uly tulǵalardyń esіmderіn ıelengen elordalyq 11 mekteptіń ujymy men oqýshylaryn qýanyshty habarmen quttyqtaımyz!
    Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясына қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақынжазушы Міржақып Дулатұлының есімі берілгендігін қуана хабарлаймыз.
    Мектепке қоғам қайраткерінің есімін беру туралы бастаманы алғаш    2011 жылы Көктал 2 кентінің тұрғыны, зейнеткер Қ. Тұрғанбеков қолға алып, игі бастаманың іс жүзіне айналуына мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Ештанаев белсене араласып, үлес қосқан болатын.  Араға уақыт салып, Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысына сәйкес             М. Дулатұлының есімі № 68 мектеп-гимназиясына берілді.
Аталмыш қаулыға сәйкес Ұлы тұлғалардың есімдерін иеленген елордалық 11 мектептің ұжымы мен оқушыларын қуанышты хабармен құттықтаймыз!


Комментариев нет
431 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 15.02.2020 в 17:43

Возможно вас заинтересует...!