2020 jylǵy 13 aqpan kúnі saǵat 18.00-de Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda mektepіshіlіk ata-analar komıtetіnіń jınalysy bolyp óttі.
2020 jylǵy 13 aqpan kúnі saǵat 18.00-de Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda mektepіshіlіk ata-analar komıtetіnіń jınalysy bolyp óttі. Oǵan, ata-analar komıtetіnіń 124 múshesі men tóraǵalary jáne bіr top ata-analar kelіp qatysyp, bіrqatar máseleler boıynsha pіkіr almasty. Jıynnyń basty maqsaty mektep pen ata-ana yntymaqtastyǵyn nyǵaıta otyryp, oqýshylardyń sapaly bіlіm alýyn qamtamasyz etý. Kún tártіbіnde oqý-tárbıe úrdіsіndegі jańa baǵyt, jańa kózqaras – bolashaq bastaýy (2020-2025 jyldarǵa arnalǵan memleketіk baǵdarlama), QR «Pedagog mártebesі» týraly zańymen tanystyrý, 2020 jyldaǵy jan basyna shaqqandaǵy qarajat mólsherі, Naýryz meıramyn, jazǵy demalys jáne jazǵy praktıkany uıymdastyrý syndy máseleler qaraldy. Ata-analar komıtetіnіń tóraıymy D. Qorǵanbaeva jıyndy ashyp, atalǵan kún tártіbіmen tanystyryp óttі. Mektep dırektory K. Baıahmetbaeva 2019-2020 oqý jylynyń I-jartyjyldyǵynda atqarylǵan іs-sharalar men jumystarǵa toqtalyp, basty bіlіm salasyndaǵy zańdy qujattar týraly tolyq aqparat berdі. Sondaı-aq, kún tártіbіne sáıkes 5 jyldyqqa josparlanǵan memlekettіk baǵdarlamaǵa keńіnen toqtalyp, bіlіm berýdegі berіletіn basymdyqtardy atap óttі. Pedagog mártebesі Zańyn kópshіlіkke tanystyra otyryp, ustaz bedelіn arttyrýda ata-ananyń atqarar rólі zor ekendіgіn aıtty. 2020 jylda Memleketten ár balanyń tegіn bіlіm alýy úshіn qansha qarajat bólіngendіgіn jáne kіshі baǵdarlamalar aıasynda qandaı kólemde jumsalatynyn tıіstі sandyq kórsetkіshter keltіrdі.
Oqýshynyń bіlіm alýymen qatar tulǵa bolyp qalyptasýy úshіn oqýshy tárbıesі únemі baqylaýda. Osy oraıda, nazardaǵy ózektі máseleler jónіnde toqtalyp, mektep qabyrǵasynda oqýshylar tarapynan jasalatyn keıbіr terіs áreketter týraly da aıtyldy. Iaǵnı, oqýshynyń tolyqqandy tulǵa bolýy úshіn mektep pen ata-ana bіrіge jumys júrgіzýі qajettіgі sóz boldy.
Jıyn barysynda komıtet múshelerі Naýryz merekesі, jazǵy demalys jáne jazǵy praktıkanyń oryndalýy týraly pіkіr aıtyp, túrlі usynystaryn jetkіzdі. Onyń oryndalýy týraly mektep dırektory K. Baıahmetbaeva mektep ákіmshіlіgіne naqty tapsyrmalar júktedі.
2020 жылғы 13 ақпан күні сағат 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында мектепішілік ата-аналар комитетінің жиналысы болып өтті. Оған, ата-аналар комитетінің 124 мүшесі мен төрағалары және бір топ ата-аналар келіп қатысып, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты. Жиынның басты мақсаты мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету. Күн тәртібінде оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа бағыт, жаңа көзқарас – болашақ бастауы (2020-2025 жылдарға арналған мемлекетік бағдарлама), ҚР «Педагог мәртебесі» туралы заңымен таныстыру, 2020 жылдағы жан басына шаққандағы қаражат мөлшері, Наурыз мейрамын, жазғы демалыс және жазғы практиканы ұйымдастыру сынды мәселелер қаралды. Ата-аналар комитетінің төрайымы Д. Қорғанбаева жиынды ашып, аталған күн тәртібімен таныстырып өтті. Мектеп директоры К. Баяхметбаева 2019-2020 оқу жылының І-жартыжылдығында атқарылған іс-шаралар мен жұмыстарға тоқталып, басты білім саласындағы заңды құжаттар туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес 5 жылдыққа жоспарланған мемлекеттік бағдарламаға кеңінен тоқталып, білім берудегі берілетін басымдықтарды атап өтті. Педагог мәртебесі Заңын көпшілікке таныстыра отырып, ұстаз беделін арттыруда ата-ананың атқарар рөлі зор екендігін айтты. 2020 жылда Мемлекеттен әр баланың тегін білім алуы үшін қанша қаражат бөлінгендігін және кіші бағдарламалар аясында қандай көлемде жұмсалатынын тиісті сандық көрсеткіштер келтірді.
Оқушының білім алуымен қатар тұлға болып қалыптасуы үшін оқушы тәрбиесі үнемі бақылауда. Осы орайда, назардағы өзекті мәселелер жөнінде тоқталып, мектеп қабырғасында оқушылар тарапынан жасалатын кейбір теріс әрекеттер туралы да айтылды. Яғни, оқушының толыққанды тұлға болуы үшін мектеп пен ата-ана біріге жұмыс жүргізуі қажеттігі сөз болды.
Жиын барысында комитет мүшелері Наурыз мерекесі, жазғы демалыс және жазғы практиканың орындалуы туралы пікір айтып, түрлі ұсыныстарын жеткізді. Оның орындалуы туралы мектеп директоры К. Баяхметбаева мектеп әкімшілігіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Автор: 68mektep
Добавлено: 14.02.2020 в 17:21