18.02.20 күні Нұр- Сұлтан қаласы «№15 мектеп-лицейінде» «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығымен бірлесе математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау және олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында өткізілген «Алтын сақа» олимпиадасының І кезеңінің қортындысы бойынша, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. «Алтын сақа» олимпиадасына «15 мектеп-лицейінің» 3-4-сыныптарынан 50 оқушы қатысты. Салтанатты жиында математика пәнінен жоғары нәтиже көрсеткен үшін 25 оқушы жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие болып, дипломдар және мадақтамалармен марапатталды. Жиында мектеп-лицей директоры Жәркенов Б.К. олимпиада жеңімпаздарын, пән мұғалімдерін ,ата-аналарды жоғары жетістіктерімен құттықтап, алғыс білдірді. «Білім бастауы- бастауыш мектеп» дей келе, қанаттарың талмасын! -деп жас бүлдіршіндерге ақ батасын берді. Жиын барысында «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығының оқу ісінің меңгерушісі Нұртазинова Жансая Серікқызы өз сөзінде мектептің бастауыш сынып оқушыларының білімі және пән мұғалімдерінің еңбегіне жоғары баға берді. «15 мектеп-лицей» әкімшілігі «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығы ұжымына алғыс білдірді. «Алтын сақа» олимпиадасында 1 орынды иеленген 4А сынып оқушылары Қабдыләшім Бағлан,Қаныш Абдулкарим, 3Б сынып оқушысы Сағыт Шыңғысхан олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды. Жеңіскелерімізге сәттілік тілейміз!



Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены