Меню KDT
Ақпарат


Ақпарат

          2020ж.   14 ақпан күні мектебімізде арасында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына  - 31 жыл толуына орай Ауған соғыс ардагерлерімен кездесуі  ұйымдастырылды.

  Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге және ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік  қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.

         Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Бейсенов Жаркын  Кайырбекович, Такенов Ануарбек Тандыбаеви Ерназаров Ғалымжан Тоқтарұлы Сагнаев Аскар Шаяхметұлы, Терсебаев Бахытбек Саякович Ауған соғыс ардагері А.А. Кравцовтың әпкесі Лидия Кравцова, тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарын сақтау дирекциясының директоры  М: Ә. Оралов  және №15,18,19,21,35 қалалық мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара  барысында Ауған соғысы ардагерлеріне құттықтаулар айтылып, оқушылар Ауған соғысы ардагерлеріне  арналған өлеңдер оқып, би биледі. «Жас өркен» театрының оқушылары қойылым көрсетті.         Сондай-ақ, ардагер ағалалар соғыстың қиындығы мен қазіргі бейбіт өмір жайында әңгіме айтып,  жақсы әсерлі қалдырды.  

           Кездесу соңында ардагерлер мен қонақтар 1 қабатта  орналасқан мемориалдық тақтадағы Ауған ардагерлеріне арнап 1 минуттық үнсіздік жариялап, гүл шоқтарын қойды.

Жиын соңында мектебіміздегі «Еңбек және даңқ» мұражайын тамашалап, өз қол таңбаларын альбомдарға жазып кетті. Іс-шара өте жоғары дәрежеде өтті.



Комментариев нет
246 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 14.02.2020 в 11:26

Возможно вас заинтересует...!