Меню KDT
"Master art" жобасының жоспарлы кездесу


2020 жылдың 5 ақпан күні Нұр -Сұлтан қаласы № 64 мектеп-лицейінде №38, №43, № 57, №64 мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Master art" жобасының жоспарлы кездесу, шеберлік сабағын өтті. Суретшілер мен мүсіншілер Одағының суретшілері және Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Шабыт университетінің студенттерімен қатар аты әлемге әйгілі ҚР суретшілер академиясының академигі, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, Халықаралық көрмелердің лауреаты, суретші Батанов Тлеужан Багыбаевич пен мәдениеттанушы доктор, архитектура және құрылыс факультеті деканының орынбасары, дизайнер Самуратова Тәттігүл Какеновна өнерге жақын оқушылармен тәжірибе бөлісіп, шебер -сынып өткізді. Балаларды эстетикалық құнды туындылармен, қоршаған ортаның әсемдігімен сусындатты. Сонымен қатар мектептің көркем еңбек мұғалімдері, №1 қнер мектебінің суретшілері мен кәсіпқой және әуесқой ата-аналарда өз шығармашылықтарымен бөлісті.

sds

sds

sdsd


Комментариев нет
317 просмотров
Автор: 57mektep
Добавлено: 05.02.2020 в 17:14

Возможно вас заинтересует...!