"Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады" атты мектеп түлектерімен кездесу
Еліміздің болашағы-өскелең жас ұрпақ, ал олардың келешегі тәрбиемен тікелей байланысты екені анық. Сондықтан да мектепте балаға біліммен қоса тәрбиенің де көп бөлігі беріледі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында аталған тақырыпта Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқып жатқан мектептің 2016 жылғы түлектерімен 9-10-сынып оқушылары арасында кездесу кеші өтті. Кеш мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын арттырып, үлкен аға-әпкелерінен үлгі алу. Бұл игі шара оқушылар үшін де, студенттер үшін де үлкен тәрбиелік маңызға ие болды. Кеш барысында түлектер оқушыларға мамандық таңдау, мақсатқа жету, кітап оқу, бәсекеге қабілетті болу жайындағы ойларымен бөлісіп, өз ақыл-кеңестерін айтып, бағыт-бағдар берді. Кеш өте көңілді де қызықты, пайдалы кеңестерге толы болып өтті. Студенттер біліммен сусындаған мектептерін аралап, ұстаздары мен оқушыларға үлкен алғыстарын білдіріп, тарқасты.
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 03.02.2020 в 10:30