Қазақтың біртуар ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында "Мұқағали-жыр ғұмыры" тақырыбында әдеби-сазды кеш өтт
Қазақтың біртуар ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында "Мұқағали-жыр ғұмыры" тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби кешімізде Мұқағали ақын өмірінен деректі фильм көрсетіліп, өлеңдерінен композициялық көрініс, сахналық қойылым қойылып, әндері орындалды. Кеш қонақтары Алаш жұртына Мұқағали бейнесімен танымал Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, Қазақ ұлттық өнер университетінің музыкалық драма және қуыршақ театры өнер кафедрасының меңгерушісі Төленбаев Жанқалдыбек Мүптиұлы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Ерен еңбегі медалінің иегері, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, Шабыт университеті колледжінің ұстазы Қылышбай Гүлбаршын Рәшкенқызының "Мұқағали" спектаклінен қойған үзінді көрінісі оқушыларды тәнті етті. Актерлерге оқушылар сұрақ қойып сұхбаттасты. Сахна шеберлері оқушылар қойған сұрақтарға бар ықыласымен жауап беріп отырды. Сонымен қатар мектебіміздің ата-анасы, дәстүрлі әнші Айса Ақгүл ән -шашуын тарту етті. Бүгінгі қазақ тілі бірлестігінің мұғалімдері ұйымдастырған әдеби-сазды кездесу кеші оқушылар бойына өнерге деген құштарлықты оятып, рухани байлық сыйлай алды деген сенімдеміз.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены