"Жыр алыбы-Жамбыл" номинациясы бойынша 2-жүлделі орынға ие болды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы, № 4 мектепте өткен Жамбыл оқулары байқауында 9-сынып оқушысы Ерғалиева Әмина "Жыр алыбы-Жамбыл" номинациясы бойынша 2-жүлделі орынға ие болды. Жамбыл шығармаларындағы "Мәңгілік ел идеясының көрініс табу негіздері" тақырыбында шығармашылық зерттеу жұмысын таныстырды. Тақырыптың өзектілігі
ұлттың рухани және материялдық құндылықтарын сақтап, адамзат өркениетінен қалыс қалмау жолдарын, тұтас бір ұлттың өмірлік тарихын негіздеп беру, «мәңгілік ел» идеясының қазақ баласы үшін рухани тәрбиемен сусындаудың негізгі жолы. Тақырыптың өзектілігін анықтап, зерттеуде бағыт беріп, шығармашылыққа баулыған ұстазы Айгүл Сейтқызының да еңбегі орасан. «Шәкіртсіз ұстаз-тұл» демекші, мақтанышқа лайық,тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы Аминадай шәкірттеріміз тұрғанда ұстаздарымыздың мәртебесі биіктей берері сөзсіз.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены