Меню KDT
«Абайтану» кабинетінің ашылуы

14 ақпанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай шығармашылығын дамыту, эстетикалық тәрбие беру, өнерге баулу, ата-баба мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, оны зерттеу мақсатында мектебімізде «Абайтану» кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылуына орай ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі - Нұрмұқан Жанұзақұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры - Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы,  «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары - Кәріпбаев Жанбота, Қазақстан Республикасының Білім ісінің  үздігі Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Құрмет» ордені иегері Мыңжасарова Төлебике Атығайқызы, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры - Алмахан Мұхаметқалиқызы, Білім басқармасының бас маманы - Аманкельдиева Асыл Аманкельдиевна, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы», «Тілдерді дамыту, талдау және ұйымдастыру» бөлімінің бас маманы - Елембаева Гауһар Арыстанқызы, Ұлағатты ұстаз, «Абай-Шәкәрім» орталығының меңгерушісі - Халесова Роза Ғарифоллақызы, критериалды бағалау бойынша аймақтық үлестіруші - Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы, Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог –Хамзина Гүлшат Сабыржанқызы келді.

 «Абайтану» кабинетінің  ашылуына арналған іс - шара қонақтарын мектепке кірген кезден бастауыш сыныптың 175 оқушысы Абай өлеңдерін жатқа оқып қарсы алып, мұғалімдер ұмымы және жоғары сынып оқушылары Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады. Іс-шарамыз «Абай даналығы» атты  қойылыммен жалғасты. Қойылым барысында оқушылар Абай қара сөздерін жатқа айтып, Абайдың даналы сөздерінен үзінді оқыды. 

«Абайтану» кабинетін ашу рәсімі ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі Нұрмұқан Жанұзақұлына, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Сайлаубай Ерлан Ерназарұлына, Ұлағатты ұстаз, «Абай-Шәкәрім» орталығының меңгерушісі Халесова Роза Ғарифоллақызына, критериалды бағалау бойынша аймақтық үлестіруші Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызына берілді. Қазақ халқының ырымымен Нұрмұқан атамыз  батасын беріп, Төлебике Атығайқызы мен Роза Жукашқызы шашуын шашты. «Абайтану» кабинетінде «Абайдың ән әлемі» тақырыбында зерттеу сабағы жүргізіліп, 11-сынып оқушылары Абайдың ән әлемі жайлы  дөңгелек үстел барысында қонақтарымызбен пікір алмасты. Сабақ барысында мектебіміздің оқушылары, ата-аналары  Абай әндерін орындады. Келген қонақтарымыз оқушыларымызға тілектерін айтып, мектебімізге алғыстарын білдірді.


14 ақпанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай шығармашылығын дамыту, эстетикалық тәрбие беру, өнерге баулу, ата-баба мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, оны зерттеу мақсатында мектебімізде ды. Кабинеттің ашылуына орай ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі - Нұрмұқан Жанұзақұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры - Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы,  «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары - Кәріпбаев Жанбота, Қазақстан Республикасының Білім ісінің  үздігі Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Құрмет» ордені иегері Мыңжасарова Төлебике Атығайқызы, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры - Алмахан Мұхаметқалиқызы, Білім басқармасының бас маманы - Аманкельдиева Асыл Аманкельдиевна, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы», «Тілдерді дамыту, талдау және ұйымдастыру» бөлімінің бас маманы - Елембаева Гауһар Арыстанқызы, Ұлағатты ұстаз, «Абай-Шәкәрім» орталығының меңгерушісі - Халесова Роза Ғарифоллақызы, критериалды бағалау бойынша аймақтық үлестіруші - Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы, Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог –Хамзина Гүлшат Сабыржанқызы келді.

 «Абайтану» кабинетінің  ашылуына арналған іс - шара қонақтарын мектепке кірген кезден бастауыш сыныптың 175 оқушысы Абай өлеңдерін жатқа оқып қарсы алып, мұғалімдер ұмымы және жоғары сынып оқушылары Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады. Іс-шарамыз «Абай даналығы» атты  қойылыммен жалғасты. Қойылым барысында оқушылар Абай қара сөздерін жатқа айтып, Абайдың даналы сөздерінен үзінді оқыды. 

«Абайтану» кабинетін ашу рәсімі ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі Нұрмұқан Жанұзақұлына, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Сайлаубай Ерлан Ерназарұлына, Ұлағатты ұстаз, «Абай-Шәкәрім» орталығының меңгерушісі Халесова Роза Ғарифоллақызына, критериалды бағалау бойынша аймақтық үлестіруші Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызына берілді. Қазақ халқының ырымымен Нұрмұқан атамыз  батасын беріп, Төлебике Атығайқызы мен Роза Жукашқызы шашуын шашты. «Абайтану» кабинетінде «Абайдың ән әлемі» тақырыбында зерттеу сабағы жүргізіліп, 11-сынып оқушылары Абайдың ән әлемі жайлы  дөңгелек үстел барысында қонақтарымызбен пікір алмасты. Сабақ барысында мектебіміздің оқушылары, ата-аналары  Абай әндерін орындады. Келген қонақтарымыз оқушыларымызға тілектерін айтып, мектебімізге алғыстарын білдірді.
        


Комментариев нет
605 просмотров
Автор: 78mektep
Добавлено: 14.02.2020 в 18:42

Возможно вас заинтересует...!