← Назад к новостям
"ӨНЕРІМ МЕНІҢ - ӨМІРІМ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

37mektep
12.02.2020 в 19:14
368 просм.
Нет комментариев

"ӨНЕРІМ МЕНІҢ - ӨМІРІМ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде күй өнерінен алдына жан салмай жүрген талантты оқушымыз Рахимова Әмина өзінің кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеп келді. Алматы қаласында өткен "Самға" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған "Өнерім менің - өмірім" атты Республикалық ән-би, жыр-күй байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша дарынымен дараланып, өнерімен ерекшеленген Рахимова Әмина І ОРЫН ЛАУРЕАТЫ атанып келді. Бойыңды шымырлатып, рухыңды көтерер Әминаның орындауындағы М.Әубәкіровтің "Талас" күйі тыңдарманының көңілінен шыққаны сөзсіз. "Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы" демекші, Әминаның осы деңгейге жетуіне тер төккен, кішкентайынан баптаған жетекшісі Роза Қалыпбайқызының еңбегі орасан. Олай болса, осы жеңістерімен ұстазды да, шәкіртті де шын жүректен құттықтаймыз!

Автор: 37mektep · 12.02.2020
368
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT