 | Аса дарын жан-жақты болған сері, Бүгінде ұрпаққа үлгі еңбектері, Ілияс Жансүгіров қайталанбас. Қазақ поэзиясының-құлагері! |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы №44 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№58 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтың есімі берілді. Осынау аса дарын иесінің есімі біздің мектебімізге беріліп отырғаны қуаныш ұялатады. Бүгін мектеп директоры С.Ботаханқызы мектеп ұжымы мен оқушыларды қаулымен таныстырып,құттықтау сөзін жеткізді.
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. Ұлағатты тұлғаның есімі берілген білім шаңырағынан осындай дарын иелерін шығаруға білім ұйымы ат салысады.




Автор: 58mektep
Добавлено: 13.02.2020 в 18:03