Меню KDT
Салт-дәстүрім салтанатым!


            12 ақпан күні  мектебіміздің 8 сынып оқушылары арасында   «Салт-дәстүрім  салтанатым!» атты тақырыпта ұлттық құндылығымыз салт-дәстүрімізді дәріптейтін іс-шара өтті.Іс-шарада«Құйрық-бауыр асату» ғұрпы, Тұсау кесу,Бата беру,Шежіре айту  сияқты ұлттық құндылықтарымыз көрсетілді. Қазақтың көне құдаласу белгісі – «Құйрық-бауыр асату» ғұрпы, «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» дегендей құдаласу кепілдігі дәстүрін меңзеп тұрғаны анық.  Құйрық-бауыр асату қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі болып табылады.Осы дәстүрді 8 «ә» сыныбы жоғары дәрежеде дәріптеп,жас ұрпаққа қарияның бата беруі сыныптың оқ бойы озып шығуына жол ашты.Сайыстың соңғы кезеңінде салт-дәстүрге қатысты жоралғылардың жасалуы туралы сұрақтар қойылды. Сайыстың қорытындысы бойынша:

 1- орын 8 «ә» сыныбы

2- орын 8 «г» сыныбы

3 - орын 8 «ғ» сыныбы иемденді.

Аталған іс-шара оқушыларға ұлттық тәрбиенің негізгі бастауы салт-дәстүріміз туралы мәлімет беруге өз үлесін қосты. Мектебімізде қазақы нақыштағы рухани байлығымыз,ұлттық құндылығымызды дәріптейтін іс-шаралар жалғасын табады.












Комментариев нет
344 просмотров
Автор: 58mektep
Добавлено: 12.02.2020 в 12:23

Возможно вас заинтересует...!