Жыл сайын өтілетін «Жас математик» оимпиадасы №58 мектеп-гимназиясында мектепішілік кезеңі болып өтті. Нұр-Сұлтан қаласының «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұймдастыруымен екінші кезеңі №64 мектеп-лицейінде 15 ақпан күні өтеді. Математика пәні бойынша олимпиаданы өткізу ережесі олимпиаданың мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу тәртібін анықтайды.Бұл олимпиаданың мақсаты оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздену, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту,зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтау, олимпиада резервтерін дайындау. Олимпиада математика пәні және логикалық тапсырмаларды қамтиды.Бұл сайысқа 5-7 сыныптардан барлығы 30 оқушы қатысып, әр сыныптан бір оқушыдан қалалық кезеңге жолдама алды. Атап айтатын болсақ 5 сыныптан Қосман Әдемі , 6 сыныптан Казкен Жантас, 7 сыныптан Хайдар Зере жеңімпаз деп танылды.Жолдама алған оқушылар жеңіспен оралуына тілектеспіз.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены