АБАЙ-ДАНА,АБАЙ -ДАРА ҚАЗАҚТА
Нұр-Сұлтан қаласы Сырбай Мәуленов атындағы № 37 Мектеп-лицейінде ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жоспарлы түрде бірнеше іс-шаралар өткізіліп жатыр.Осы орайда 6 «ә» сыныбында 5 ақпан күні «Абай-дана, Абай- дара қазақта» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен танысу. Ақынның өлеңдері, әндері мен қарасөздері арқылы адамгершілікке, адалдыққа,әсемдікке, еңбекқорлыққа баулу. Сабақ барысында ақын шығармаларымен оқушылар таныса отырып, Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Ақын өлеңдеріндегі мейрімділік,адалдық, жаман әдеттен аулақ болу қасиеттерін талдап, оқушылар өз-пікірлерімен бөлісті. Сынып сағатында сондай-ақ Абайдың әндері орындалды. Әсіресе: Дүйсенбек Балжан, Сайлау Досжан, Сайлаубекова Ильмира, Аязбаев Нұрсұлтан, Амангелді Алсу өздеріне берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, Абай шығармаларын жақсы орындай білді.Абай сөзімен айтсақ, бұл оқушылар , адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озатындығын сабақта дәлелдей білді.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены