Меню KDT
«КӨҢІЛІМ ЖЫРДЫ ҰҒАДЫ» ЕЛМҰРА ЖАҢАБЕРГЕНОВАМЕН КЕЗДЕСУ...

«КӨҢІЛІМ ЖЫРДЫ ҰҒАДЫ»

ЕЛМҰРА ЖАҢАБЕРГЕНОВАМЕН КЕЗДЕСУ...

2020 жылдың 5 ақпаны Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің өнерсүйер оқушылары үшін тағы бір рухани азық жинап, жан сарайының жадыраған күні ретінде есте сақталды.  Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында «Көңілім жырды ұғады» атты кездесу ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР мәдениет қайраткері, Өнертану ғылымының кандидаты,  «Шабыт» Қазақ  ұлттық өнер университетінің профессоры, жыршы, жырау Жаңабергенова Елмұра Манасқызымен бірге өтті.

Кездесу барысында тыңдарманға ел мұрасын арқалап, келешек ұрпаққа дәріптеп, бойларына сіңіріп жүрген Елмұра Жаңабергенованың шәкірттері – «Ел - мұра» өнер мектебінің өнерпаздары жырдан шашу шашып, кешіміздің сәнін әнімен, биімен, күмбірлеткен күйімен келтірді. Басты кейіпкеріміздің өмірі мен өнері жайында оқушыларымыз көкейлеріндегі сұрақтарымен бөлісті, шынайы бала көңілмен алғыс білдірді. Елмұра жыраудың әкесі Манас атаймен, қазіргі ұрпағымен таныстық және өнерлеріне тәнті болдық. «Ауылдың алты ауызы» орындалып, «қонақ кәде де» жасалды, Елмұра Жаңабергеннің балалар алдына шыққандағы «шашуынан» да дәм таттық. Кездесудің маңыздылығы «мен үшін ең абыройлы атақ – қазақтың қызы болу» деген жыраудың тамаша сөзімен ұштасып жатты. «Қуыс үйден құр шықпа», «Орамал тон болмайды, жол болады» деген халық екенімізді де ұмытпадық. Бүгінгі шараның астарынан рухани жаңғыру мен рухани құндылықтың нағыз үлгісін көріп, жан жүрегімізбен сезіндік. Осы тәрбиелік шарада бізбен бірге болған №52 мектеп-гимназиясының «Оқушылар ұйымына» алғыс білдіре отырып, ел болашағы үшін бірге қадам басамыз деген тілек білдіреміз.

Комментариев нет
300 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 05.02.2020 в 20:51

Возможно вас заинтересует...!