← Назад к новостям
Аудандық этномәдени фестивалі

Аудандық этномәдени фестивалі

b068skobilim
06.02.2020 в 16:48
417 просм.
Нет комментариев

"Болашаққа бағдар;рухани жаңғыру"  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген "Salt dastur" этномәдени аудандық фестиваліне "Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі" КММ оқушылары қатысты.


Оқушылар өзбек халқының еңбекқорлығымен, қонақжайлық қасиеттерімен жиналғандарды таныстырып өтті. Ұлттық киімдерімен таныстырды: ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан. Бас киім ерлерде - тақия, жүн қалпақ, әйелдерде - орамал. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында  белге дейін келетін қамзолда киген. Дәстүрлі аяқ киімі - тері етік, табаны жұмсақ мәсі. "Қызықты сахналық көрініс" номинациясы бойынша оқушыларымыз мадақтама қағазымен марапатталды. Оқушыларымыз өткізілген фестивалден өздеріне  ұлттардың  салт - дәстүрлері туралы керек ақпараттар алды. 

Автор: b068skobilim · 06.02.2020
417
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT