5-ші ақпан күні №58 мектеп-гимназиясында 5-ші сыныптар арасында «Мен елімді сүйемін» атты патриоттық әндер сайысы өтті.
5-ші ақпан күні №58 мектеп-гимназиясында 5-ші сыныптар арасында «Мен елімді сүйемін» атты патриоттық әндер сайысы өтті. Сайысқа барлық сынып түгел қатысты. Өз әндерін орындауда әрбір орынаушы патриоттық әнді жүрекпен орындауға тырысты. Оқушылардың арасында ерекше көзге түскен 5 «ғ» сынып оқушысы Назар Бақдаулет «Елім менің» әнімен көрерменнің жүрегінен орын тапты. Орындау шеберлігі жоғары дәрежеде. Оқушылар сахна мәдениетін сақтай отырып, өз еліміздің нағыз патриоты екенін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде 5 «ғ» сынып оқушысы: Назар Бағдаулет
І орын 5 «г» сынып «Қыздар» тобы
ІІ орын 5 «в» сынып оқушысы: Ерғалиева Гүлсезім
ІІІ орын 5 «3», 5 «и» сынып оқушылары марапатталды.



Автор: 58mektep
Добавлено: 05.02.2020 в 16:09