Мұқағали мен Фариза шығармалары бойынша “Кітап-Fest” байқауы өтті
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "#74 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі апталығының аясында бүгін Мұқағали мен Фариза шығармалары бойынша “Кітап-Fest” байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты Мұқағали мен Фариза шығармаларын оқи отырып, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Дәстүрлі түрде өткізіліп отырған бұл байқауға оқушылар белсене қатысты. Табиғатына айнымай тартқан Мұқағали мен жыр маржаны Фариза ақынның өлеңдер жинағынан жыр төгіп, ерекше әсерлерімен бөлісті. Мұқағали ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары мен поэзия падишасы Фариза өлеңдерінің оқырманын тәнті еткенін бүгінгі байқауға құлшына қатысқан оқушылардың бойынан көре алдық.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены