Меню KDT
3-8 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" тақырыбында апталығын жариялады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "#74мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК 3-8 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" тақырыбында апталығын жариялады


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "#74мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК 3-8 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" тақырыбында апталығын жариялады. Мақсаты ұлы ақын Абай мен қазақтың біртуар ақиық ақыны Мұқағали мұраларын насихаттай отырып, оқушылардың рухани дүниетанымын байыту. Апталықтың ашылуы Абай шығармаларынан викториналық сұрақтарға жауап беру, Абай әнін шырқап, Абай танымын насихаттаудан тұратын дода бәйгесімен бастау алды. Бүгінгі сайыста жеңімпаз оқушыларға "Абайдың қарасөздері" кітабы, ал басқа қатысушыларға қойындәптерлер сыйға тартылды. Сонымен қатар қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Абайдың "Толық адам" концепциясының негізінде "Абай - ұлтымыздың рухани темірқазығы" тақырыбында мектепішілік челлендж ұйымдастырды. Абай шығармаларын оқу эстафетасын мектеп әкімшілігіне жолдады. Келесі кезекті бәйге 5-9-сынып оқушылар арасында "Абай оқулары" байқауымен, Мұқағали шығармаларын дәріптеу мақсатында "Кітап-Fest"  оқырмандар арасындағы сайыс түрлерімен ұласады. Апта соңында театрға саяхат және "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты әдеби-сазды кешімен жалғасады.


Комментариев нет
291 просмотров
Автор: 74mektep
Добавлено: 06.02.2020 в 15:42

Возможно вас заинтересует...!