«Үздік сынып жетекшісі – 2019» байқауы үш кезең бойынша өткізілді.
«Жыл таңдауы - 2019» тəрбие жұмысы қорытындысы аясында «Үздік сынып жетекші — 2019» байқауы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан –2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бала тəрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мəселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім мен тəрбие беруге ұмтылуымыз қажет»,– деп атап көрсеткен болатын.
Осыған байланысты No 10 мектеп гимназиясында ұйымдастырылған «Үздік сынып жетекшісі – 2019» байқауы үш кезең бойынша өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Байқау бүгіні қоғамдағы тəрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тəрбие үдерісін жетілдіру, тəрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту.
Кəсіби деңгейі жоғары, шығармашыл жəне талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тəрбиелік тəжірибесін басқару субьектісі
ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тəжірибесін айқындау арқылы тəрбие жүйесінде озат педагогикалық тəжірибесін
анықтау, тəрбие жүйесінде инновациялық жəне шығармашылық идеяларын көрсету болып табылады.
Бүгін 3 кезең шығармашылық кезеңі болып өтті, жəне ең мықтылар айқындалды.
Байқауды марапаттау: «Бас жүлде» диплом «Үздік сынып жетекші — 2019 »
7 «Д» сынып жетекшісі Муханова Назымгул Кумаровна; ІІ орын – Диплом, « Үздік сынып жетекші — 2019 »
8 «В» сынып жетекшісі Аймагамбетова Жазира Аманбаевна; ІІІ орын – Диплом, «Үздік сынып жетекші — 2019 »
8 «А» сынып жетекшісі Касимова Гүлжан Бозжігітқызы. Əр номинация бойынша ынталандыру – Диплом
«Өнерлі сынып жетекші» - Кушербаева Нағима Пошановна; «Талапшыл сынып жетекші» - Кажибаева Ляззат Иссаиновна; «Ізденімпаз сынып жетекші» - Куташова Құндыз Кенесбекқызы; «Жаңашыл сынып жетекші» - Кунтуған Айгерім;
«Тəжірибе жəне шеберлік» - Сафонова Елена Генадьевна. Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены