Меню KDT
Мектеп директоры М. А. Ташенова педагогикалық ұжыммен жоспарлы жиналыс өткізді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық іс-шаралар жоспары болды.


Бүгін мектеп директоры М. А. Ташенова педагогикалық ұжыммен жоспарлы жиналыс өткізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық іс-шаралар жоспары болды.



Мәрзия Әкімқызы, сондай-ақ әріптестерін ағымдағы оқу жылының бірінші жартыжылдығының талдауымен таныстырып, анықталған проблемалық мәселелерді шешу үшін бірқатар іс-шаралар ұсынды.



Мектеп директоры ата-аналар қауымдастығымен қарым-қатынасты жақсартуға, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыруға және оқушыларды ынталандыруға, педагогикалық этиканы құрметтеуге баса назар аударды.



Жиналыс соңында Мәрзия Әкімқызы ұжымға халықтық челленджге қатысқаны үшін алғысын білдіріп , белсенді педагогтарды алғыс хаттармен марапаттады және барлығына табысты, жемісті жұмыс аптасын тіледі.


Комментариев нет
290 просмотров
Автор: 10mektep
Добавлено: 03.02.2020 в 12:11

Возможно вас заинтересует...!