Денсаулыққа қауіпті заттарды пайдаланбау.
Оқушыларға бірінші байлық – денсаулық екенін ұғындыра отырып, зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Денсаулыққа қауіпті заттарды пайдаланбау.
Оқушыларға бірінші байлық – денсаулық екенін ұғындыра отырып, зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Бүгінгі таңдағы еліміздегі мектептердің әлеуметтік міндеті жас ұрпаққа сапалы білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, «баланы-жастан» демекші, дені сау, сана-сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата- ананың міндеті. Оқушының денсаулығына зиян келтірмей, қайта оны сақтауды, нығайтуды білім беру арқылы үйретіп, оқушының өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мұғалімнің міндеті. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы-денсаулық», «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуімен бақытты болады өмір». Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.


Автор: b0828skobilim
Добавлено: 29.12.2019 в 10:04