2020 жылдың 17 қаңтар күні «Зейд» Демалыс орталығында әлеуметтік серіктес базасында «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» кластерінің жоспарын жүзеге асыру аясында «Мамандық шеруі» конкурсы өткізілді.
2020 жылдың 17 қаңтар күні «Зейд» Демалыс орталығында әлеуметтік серіктес базасында «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» кластерінің жоспарын жүзеге асыру аясында «Мамандық шеруі» конкурсы өткізілді.
Мақсаты: «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» кластері бойынша мамандықтың беделін арттыру, студенттердің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
Конкурска қаланың Техникалық және кәсіптік білім берудің «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» кластерінің құрамындағы келесі колледждердің командалары қатысты:
Конкурс алдын ала дайындалған сценариямен екі тілде (қазақ, орыс) жүргізілді. Проектор, музыкалық аппараттар қосылып, слайд көрсетілді, музыкамен қамтамасыз етілді.
Конкурс екі турдан тұрды:
I тур: «Менің арманымдағы кәсіп» (мамандықтың бейнесін жасау; мамандықтың әні немесе әнұраны)
II тур: «Болашақтың кәсібі: ғылыми фантастика шегінде» (кәсіби бағдар, бейнероликтер, анимациялық фильм, эскиз және т.б.)
Нәтижесінде МКҚК «Көпсалалы» колледжі І Дәрежелі дипломмен, МКҚК «Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау» колледжі ІІ Дәрежелі дипломмен, «Тұран» колледжі ІІІ Дәрежелі дипломмен және ЖШС «Басқару» колледжі «Шығармашылық даралығы» үшін номинациясымен марапатталды.
«Тұран» колледжінің, МКҚК «Көпсалалы» колледжінің, ЖШС «Басқару» колледжінің директорларына конкурсты өткізуге қосқан нәтижелі жұмыстары үшін Алғыс хат табысталды.
Нұр-Сұлтан қ. Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Рахметова Айнұр Ерқалдиевна командалардың лидерлеріне «100 жоба» кітабын табыстады.
Конкурс өз алдына қойған мақсатын орындады.Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены