Мектептің мәжіліс залында 3 ақпан күні «Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндіктің ашылуы 2-10 сыныптар арасында салтанатты түрде өтті. Мерекелік жиында алдымен мектеп директоры Садықова Зауре Жақанқызы сөз сөйлеп, бұл пәннің қаншалықты маңызды екенін айта келіп, оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғыда жоғары деңгейге көтеріліп, еліміздің дамып өркендеуінде өз үлестерін қоса алатын азамат болып қалыптасуларына тілегін білдірді. Сара Алпысқызы жайында көрсетілген бейне ролик және адамның ішкі жан дүниесінің құпияларын ашып көрсететін «Бұл қалада қандай адамдар тұрады» тақырыбында көрсетілген қойылым оқушыларда ізгілікті әсер қалдырды. Бастауыш сынып оқушылары Абай атамыздың жан туралы толғаған өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып оқушылардың ризашылығына бөленді.

Декада барысында өткізілетін іс-шаралар оқушыларға таныстырылып, белсене қатысуға шақырды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены