Меню KDT
Естеліктерден «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында киелі Түркістанға саяхат.


Естеліктерден
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында киелі Түркістанға саяхат.

        2019 жылдың қазан айында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің  5-7 сынып оқушыларына киелі Түркістан қаласына тарихи-танымдық демалыс ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» аясында  мектеп оқушылары тарихы тұнып тұрған рухани өлкеге саяхаттады.  Күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекенге саяхаттың барысы оқушылар мен жетекшілердің көңілінен шықты. Саяхат барысында оқушылар қазақ хандығының ежелгі астанасымен, өркениет мәдениетімен, құтты мекен тарихымен  оқушыларды таныстырды. Өрендер Арыстан баб, Яссауи кесенелерінде, мешітте болды. Оларға зияраттың әдептері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар кітап беттерінен оқып қана қоймай, көзбен көріп, қолмен ұстап көрген тарихи маңызы зор киелі жерлерден үлкен әсер алып оралды.
  


Комментариев нет
322 просмотров
Автор: b1436skobilim
Добавлено: 04.02.2020 в 12:44

Возможно вас заинтересует...!