← Назад к новостям
"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына бүлдіршіндерді қабылдау салтанатты рәсімі

"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына бүлдіршіндерді қабылдау салтанатты рәсімі

71mektep
24.12.2019 в 09:16
661 просм.
Нет комментариев

"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына бүлдіршіндерді қабылдау салтанатты рәсімі


Бүгін мектебімізде "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына бүлдіршіндерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті. 

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

Бүгінгі жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
Қадамдарың құтты болсын бүлдіршіндер!






Автор: 71mektep · 24.12.2019
661
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT