100 ән жобасы
«Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында дүниеге келген «Қазақтың 100 әні» жобасы — бұл Қазақстанның ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында пайда болған жоба. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Рухани қазына» атты кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақ мектеп‑гимназиясында «Қазақтың 100 әні» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаның аясында мектебімізде 5-11 сыныптар арасында патриоттық әндерді аптаның әр сейсенбі, бейсенбі күндері үлкен үзіліс кездерінде оқушыларымыз акт залына жиналып, әндерді орындап отырады. Әндердің мәтіндері алдын-ала таратылып, жаттауға беріледі. Ондағы мақсатымыз – жас буын арасында ұмытылып бара жатқан әуендерді, композиторларды қайта жаңғырту және осы әндер арқылы елімізді сүюге, қадірлеп, қастерлеуге, анаға, әкеге, достарға, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.
Қазақтың баға жетпес асыл қазынасына айналған дәстүрлі ән үлгілері – ғұрыптық әндер, халық әндері мен кәсіби халық композиторларының әндерімен шектелмесі анық. Аталмыш жоба алдағы уақытта да тың туындылармен толығып, бүгінгі жас ұрпақты халқымыздың баға жетпес мол музыкалық мұрасымен сусындата береді деген сенімдеміз.





