Меню KDT
«Жетекші мектеп жағдайында STEAM-білім беру: оқытудың жобалық әдісі және табысты тұлға» (тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық зертханасының кезекті отырысы)


М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде қаңтар айының 23 күні «Жетекші мектеп жағдайында STEAM-білім беру: оқытудың жобалық әдісі және табысты тұлға» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық зертханасының кезекті отырысы өтті. Семинарға Петропавл қаласынан және аудандардан келген 20 мұғалім қатысты.

Лицей ұстаздары Ауганбаева Зухра Нұрмолдақызы қазақ әдебиетінен  А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» өлеңі. Әке өсиеті» тақырыбында сабақ беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. 5-сынып оқушылары сабақ барысында STEAM-білім беру  бойынша үй жағдайында бидай өсіру тәсілімен танысып, өздері үйде өсіріп, бақылау жасау үшін бидай екті. Жүзен Бақыт Ермекқызы «Биотехнологияның негізгі бағыттары. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбында қазақ тілінен сабақ берді. Сабақ барысында оқушылар лимон, сірке суын үй жағдайында халықтық тәсілдермен қалай тиімді қолдауға болатыны жайлы тәжірибе жасады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнен макет жасады. Сонымен қатар, Бақыт Ермекқызы тәлімгерлік бойынша өз жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Нүрикамал Тлектесқызы Можганова мен Балбота Азаматқызы Аюпова өзге ұлт оқушыларымен дайындаған «Мен елімді жырлаймын!» тақырыбында А.Құнанбаев, М.Жұмабаев және «Үш бәйтерек» шығармашылығына арналған әдеби-сазды қойылым көрсетті. Лицей оқушылары сабақта да, сыныптан тыс шарада да табысты тұлға атану жолдарын көрсете алды.

Семинар жоғары дәрежеде өтті. Әріптестер жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушыларды жеке тұлға ретінде функционалдық сауаттылыққа тәрбиелеуде STEAM-білім берудің алатын орны жайлы лицей ұстаздары берген сабақтардан өз қоржындарына мол тәжірибе алып кетті.

        
                              STEAM білім беру әдісі бойынша                                                                                  ашық сабақ
                         STEAM білім беру әдісі бойынша өткен 
                             ұйымдастырылған сергіту сәті     
 

                 STEAM білім беру әдісі бойынша өткен ашық сабақ

                                                                                           


Комментариев нет
504 просмотров
Автор: b1436skobilim
Добавлено: 25.01.2020 в 11:11

Возможно вас заинтересует...!