← Назад к новостям
Жаңартылған білім мазмұнында оқушыны өздігінен білім алуға бағыттау

Жаңартылған білім мазмұнында оқушыны өздігінен білім алуға бағыттау

b1428skobilim
23.01.2020 в 19:34
537 просм.
Нет комментариев

«Жаңартылған білім мазмұнында оқушыны өздігінен білім алуға бағыттау» тақырыбында семинар өтті. 


Бүгін 2020 жылдың 23 қаңтары С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда «Жаңартылған білім мазмұнында оқушыны өздігінен білім алуға бағыттау» тақырыбында семинар өтті. Георгафия, биология, химия мұғалімдерінің басын қосқан семинарда гимназиямыздың тәжірибелі ұстаздары Кусаинова А. К., Балабекова К. Т., Ахметова К. Е. «QR код арқылы тапсырмалар кейсі», Learning apps сервисін қалыптастырушы бағалау құралы ретінде пайдалану», «Кинометафора әдісі» арқылы оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін ұйымдастыру тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп шеберлік сыныбын өткізді. Ұстаздарымыз жұмыс барысында цифрлық ресурстарды қолдану арқылы оқушыларға жағдай жасау, білім беру саласындағы барлық жаңашылдықтарды ескеру, мектепте жасалып отырған мүмкіндіктерді қолданып, семинарға қатысушыларымен тәжірибе алмасты. Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң баға берілді.







Автор: b1428skobilim · 23.01.2020
537
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT