Меню KDT
Кәсіптік бағдар беру



2020 жылдың 23 қаңтар күні 9-сынып оқушыларымен қаламыздың алты колледжінің өкілдерімен кездесу өтті. Алғашқы сөзді « Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжінен»  Макина Әдия Ермұқанқызы колледждің тарихымен таныстыра келе , қандай мамандық таңдау керектігін тілге тиек етті.  Аталмыш оқу орнына 9- сынып оқушылары , сынып жетекшілерімен , 5 желтоқсан күні экскурсияға барып келген болатын. Оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы өте ұнаған. Екінші боп   «Гуманитарлық-техникалық колледжінің» оқытушысы Шаймергенова Қарлығаш Аманбайқызы түлектерді осы колледжге келулерін сұрады. Бұл колледждің басқалардан ең басты артықшылығы оқу бітірген түлектердің  80-85 пайызын жұмысқа орналастырамыз деп сендірді. Одан кейін «Петропавл құрылыс және экономика колледжінен»  Сауле  Тумурзақызы мен Құралай Бекенқызы колледждерімен таныстырып өтті.                                                                                        
«Петропавл машина жасау колледжінің» қазақ тілі пәнінің оқытушысы Садыкова Даметкен Тұрсынбайқызы, өзі жұмыс жасайтын колледжде, шәкіртақы 30 мыңға көтерілгенін және оқуға емтихансыз түсуге болатынын айтып өтті. «Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» өкілі Назерке Бакенбаевна тоғызыншы сыныптан кейін қандай мамандықтарға түсуге болатынымен таныстырып өтті. Кездесудің нүктесін қаламыздағы қара шаңырақ «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі» өкілдері Күдекенова Жұлдыз Маратқызы мен Хасенова Айман Капеновна қойды. Кездесу соңында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған колледж өкілдерімен сұхбаттасты .Кездесу өте қызықты және мазмұнды өтті.

Директордың бейінді оқыту жөнінен орынбасары Топышев Т.Б



 



Комментариев нет
360 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 23.01.2020 в 15:00

Возможно вас заинтересует...!